Төрелік дауларды қарау және шешу барысында дәлелдемелерді ұсыну және зерттеу

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2026.14.2.021
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аталған мақала төрелік дауларды қарау және шешу барысында дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеуге арналған. Бүгінгі таңда төрелік талқылауда тараптардың ұсынған дәлелдемелері істің дұрыс әрі объективті қаралып, шешілуіне елеулі әсер етеді. Төрелік дау туындаған кезде талап қоюшы талап арызын негіздеу үшін оған тиісті дәлелдемелерді қоса береді. Төрелік дауларды қарау және шешу барысында дәлелдеу көбіне тараптардың өз талаптары мен қарсылықтарын негіздеуге бағытталады. Тараптардың дәлелдемелерді ұсынуы және оларды зерттеу жарыспалылық қағидатының негізгі көріністерінің бірі болып табылады. Төрелік талқылауда тараптардың ұсынған дәлелдемелері жан-жақты зерттеліп, объективті бағаланғаннан кейін ғана шешім қабылданады. Сонымен қатар, автор төрелік талқылауда іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді бағалаудың маңыздылығына назар аударады. Азаматтық-құқықтық дауларда көбіне құжаттардың шынайылығы, келісімдерге заңсыз өзгерістер енгізілуі, міндеттемелердің орындалмауы және өзге де мән-жайлар қарастырылады. Осыған байланысты төреші тараптардың әрбір ұсынған дәлелдемесін өзінің ішкі сенімі негізінде бағалауы қажет. Төрелік талқылауды цифрландыру жағдайында электрондық дәлелдемелерді пайдалану барған сайын кеңінен қолданылып келеді. Бұл төрелік талқылаудың жеделдігіне, объективтілігіне және ашықтығына оң әсер етеді. Қағаз түріндегі дәлелдемелерді өңдеу көп уақытты талап ететіндіктен, электрондық дәлелдемелердің негізгі артықшылықтарының бірі – дауларды қарау мерзімдерін қысқарту және ұсынылған материалдарды жедел зерделеу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.