ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫНЫҢДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2026.85.2.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларының даму ерекшеліктері қарастырылды. Коммуникативтік дағдылар балалардың қоғамда әлеуметтенуі мен қарым-қатынас жасауына қажетті негізгі дағдылар болғандықтан, оларды дамыту түзету жұмысының мазмұнындағы міндетті бағыттардың бірі болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды дамыту арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалардың дербестігіне, өзіне-өзі қызмет көрсетуіне, сондай-ақ қоғамдық мінез-құлық ережелерін меңгеруіне қол жеткізуге болады. Демек, аталған дағдыларды дамыту жұмысы, ең алдымен, балалардың коммуникативтік дағдыларының бастапқы деңгейін анықтаудан басталады. Сәйкесінше, бұл анықтау эксперименті әрі қарай жүргізілетін дамыту жұмысының бағыттарын айқындайтын маңызды тетік болып табылады. Мақалада «Шам-шырақ» түзету орталығының балаларымен өткізілген эксперименттік жұмыстың мазмұны, барысы мен нәтижелері сипатталды. Сонымен қатар, зерттеу мәселесіне теориялық талдау жасалып, шолу материалдары ұсынылды.