Вестник ЗКУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.102(2).15
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ƏЛ-ИСТАХРИ ЖƏНЕ ЕУРАЗИЯ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ -ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Аңдатпа.Қазақстан тарих ғылымының ортағасырлық деректануында араб географиялық əдебиетінің маңызы зор.Бұлардың арасында көшірме шығармалар көп болғанымен, Еуразия құрлығының орталық аймақтарына қатысты жалпылама деректері баршылық.Х ғасырда жазылғанған əл-Истахридың «əл-Масалик уа-л-мамалик», яғни «Жолдар мен елдер» кітабы да деректану тұрғысынан бізге ортағасырлық мемлекеттер мен халықтар туралы салмақты мəліметтерді береді.Кітап мазмұнына байланысты біз мақаланың негізгі тақырыбын -«Теңіздер туралы», «Хорасан», «Мəуреннахр», «Түркістан», «Хазар теңізі жəне Маңғыстау», «Еділ бойы», «Балх туралы» деп бірнеше тараушаларға бөліп жүйеледік.«əл-Масалик уа-л-мамалик» қамтыған деректер ортағасырларда Қазақстан аумағында жүрген этносаяси үрдістердің аймақтық ерекшеліктерін жəне ортақ белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді.Əл-Истахридың «əл-Масалик уа-л-мамалик» еңбегі мен ондағы карталар Орталық Азия, соның ішінде қазақ жерін мекендеген ортағасырлық халықтар туралы деректерді жəне тарихи топонимияны зерттеуде маңызды дереккөз болып табылады.