Қазақстандағы балалардың ақпараттық қауіпсіздігі және кибербуллинг: құқықтық қамтамасыз ету және профилактика тетіктері

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2026.14.2.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеуде Қазақстандағы балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллинг және кибербуллингтің алдын алу тетіктері құқықтық және профилактикалық тұрғыдан талданады. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында кәмелетке толмағандардың интернет кеңістігіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау өзекті бағыттардың біріне айналып отыр. Осы тұрғыда зерттеу материалы ретінде ұлттық заңнаманың негізгі тетіктері, отандық және шетелдік ғылыми еңбектер, сондай-ақ өңірлік зерттеулердің жинақталған деректері пайдаланылды. Әдістемелік негізге теориялық талдау мен синтез, салыстырмалы-құқықтық талдау және контент-талдау тәсілдері алынды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кибербуллингтің алдын алу мәселесі бір ғана саланың шеңберінде қарастырылмайтынын, оның құқықтық, институционалдық және қоғамдық-коммуникациялық қырларды қамтитын кешенді сипатқа ие құбылыс екенін айқындады. Сондай-ақ кибербуллингтің интернет-коммуникация жағдайында анонимдік пен жариялылық әсерінен күшейетіні, ал тиімді профилактика құқықтық нормалармен қатар мектеп, отбасы және медиа субъектілерінің үйлесімді әрекетіне тәуелді екені көрсетілді. Мақалада цифрлық сауаттылықты жүйелі түрде дамыту қажеттігі жөнінде ұсыныстар беріледі. Ұсынылған қағидаттар құқық қорғау және білім беру ұйымдары үшін қолданбалы нұсқаулық ретінде пайдаланылып, балаларға көрсетілетін құқықтық және психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Зерттеу қорытындылары қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін негіздейді.