Ата-аналардың мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысуына әсер ететін факторлар

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-245-256
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кәсіптік бағдар беру жұмысы тек мектепте емес, отбасының да қолдауымен жүзеге асырылуы тиіс. Оған ата-аналардың белсене қатысуы маңызды фактор болып табылады. Зерттеудің мақсаты – ата-аналардың мектептегі кәсіптік бағдар беруге қатынасын, олардың ақпараттық қажеттіліктерін, кәсіптік бағдар беруге қатысуға дайындығын және цифрлық шешімдерге деген көзқарасын зерттеу. Зерттеу сандық дизайн негізінде жүргізілді. Іріктеуге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 7–9 сынып білім алушыларының 1695 ата-анасы қатысты. Деректер авторлық сауалнама арқылы жиналып, Jamovi 2.6 бағдарламасында сипаттамалық статистика, Пирсон корреляциялық талдауы, көп сызықтық регрессиялық талдау, тәуелсіз үлгілер үшін Стьюденттің t-тесті, ал білім беру деңгейі бойынша айырмашылықтар дисперсияның біржақты талдауын (ANOVA) қолдану арқылы өңделді. Зерттеу нәтижелері ата-аналардың ақпараттық қажеттіліктері жоғары екенін (M = 4.57), сондай-ақ кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысуға дайын екенін (M = 4.03) көрсетті. Барлық зерттелген айнымалылар арасында статистикалық маңызды оң байланыстар анықталды, олардың ішінде кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысуға дайындық пен цифрлық шешімдерге көзқарас арасындағы байланыс ең жоғары болды (r = 0.609, p < .001). Регрессиялық талдау цифрлық шешімдерге көзқарастың ата-аналардың кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысуының ең күшті предикторы екенін көрсетті (β = 0.403, p < .001). Сонымен қатар тұрғылықты жері мен білім деңгейіне байланысты бірқатар айырмашылықтар анықталды. Зерттеу нәтижелері мектеп пен отбасы арасындағы серіктестікті күшейту үшін ата-аналарға арналған ақпараттық қолдау жүйесін дамыту және кәсіптік бағдар беру саласында цифрлық платформаларды кеңінен енгізу қажеттігін көрсетеді.