Қазақстанның оқу бағдарламалары негізінде мектеп географиясында тұрақты даму білімін қалыптастырудың мазмұндық-әдістемелік моделі

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-106-122
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мектеп географиясында тұрақты дамуды оқытудың мазмұндық және әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жаһандық экологиялық және әлеуметтік экономикалық сын-қатерлер жағдайында білім беру үдерісіне тұрақты даму қағидаттарын интеграциялау қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – оқу бағдарламаларын және педагогикалық тәсілдерді талдау негізінде тұрақты дамуды оқытудың мазмұндық-әдістемелік моделін әзірлеу және оны теориялық тұрғыдан негіздеу. Әдіснамалық негіз ретінде 5–11 сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына контент-талдау, салыстырмалы және жүйелік талдау жүргізілді. Сондай-ақ нормативтік-құқықтық және стратегиялық құжаттар қарастырылды.Зерттеу нәтижелері тұрақты даму компоненттерінің құрылымында дисбаланс бар екенін көрсетті: экологиялық аспект басым болып, әлеуметтік және экономикалық компоненттердің интеграциясы жеткіліксіз деңгейде жүзеге асырылған. Сонымен қатар мазмұнның сабақтастығының жеткіліксіздігі, әсіресе 7–9 сыныптарда «мазмұндық үзіліс» (content gap) құбылысының байқалуы анықталды. Мазмұн мен оны іске асыратын педагогикалық әдістер арасындағы сәйкессіздік тұрақты даму құзыреттерін қалыптастыру тиімділігін төмендететіні айқындалды.Мақалада мазмұн, оқыту әдістері және күтілетін нәтижелер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін авторлық мазмұндық-әдістемелік модель ұсынылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған модельді мектеп географиясын оқыту тәжірибесінде қолдану арқылы білім алушылардың жүйелік ойлауын, экологиялық жауапкершілігін және әлеуметтік белсенділігін дамыту мүмкіндігімен айқындалады.