ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ОЙЫНДАРЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3123.343
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада виртуалды шындық ойындары, оларды білім беруде қолдану, бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар, оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық аспектілерін зерделеуде цифрлық сауаттылық, виртуалды шындық технологиялары, виртуалды шындық ойындары, цифрлық технологиялар және т.б. ұғымдары сипатталады. Зерттеу барысында шетелдік және қазақстандық әдебиеттерге аналитикалық шолу жасалынады және виртуалды шындық ойындарын қолданудың тиімді әдістері ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңыздылығы даусыз, өйткені бұл қазіргі таңда сұранысқа ие, сонымен қатар заманауи білім беру ортасында жан-жақты дамыған тұлғаның цифрлық қоғамда әлеуметтенуінің негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар, 2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» бұйрығында «Цифрлық сауаттылық» пәнін бірінші сыныптан бастап енгізген болатын. Осыған орай мақалада оқушылардың заманға сай цифрлық сауаттылық пәні бойынша білім, білік, дағдысын арттыру мақсатында 3D объектілер және түрлі анимацияны нақты уақыт режимінде бақылау үшін виртуалды шындық ойындарын қолдану қарастырылады. Мақалада ғылыми әдістерді пайдалана отырып оқушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін және олардың виртуалды шындық ойындарына деген түсінігін анықтау барысында сауалнама жүргізіліп, зерттеу нәтижелеріне талдаулар мен тұжырымдар жасалады.