ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДИСКУРС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРПУСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss2pp137-149
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада фольклорлық дискурс қазақ тіл білімінің заманауи бағыттары – дискурс теориясы мен корпус лингвистикасы тоғысында кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің негізгі назарында фольклорлық мәтіндердің тілдік, құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін ұлттық корпус материалдары негізінде айқындау мәселесі тұр. Фольклорлық дискурс жанрлық әртүрлілігімен, тұрақты құрылымдарымен, бағалауыштық жүйесімен және мәдени кодтарды жеткізу қабілетімен сипатталатын күрделі коммуникативтік құбылыс ретінде талданады. Зерттеу барысында қазақ тілінің ұлттық корпусындағы фольклорлық мәтіндердің репрезентациясы қарастырылып, олардың жиілік, вариативтілік және контекстік қолданыс ерекшеліктері анықталады. Сонымен қатар, фольклорлық материалдарды корпусқа енгізу, таңбалау және жүйелеу мәселелері талданып, осы үдерістің ғылыми-әдіснамалық негіздері ұсынылады. Жұмыстың мақсаты – фольклорлық дискурстың корпустық моделін сипаттау және ұлттық корпус құрамындағы фольклорлық деректердің ғылыми әлеуетін айқындау. Зерттеу нәтижелері қазақ тілін цифрландыру жағдайында фольклорлық мұраны сақтау мен талдаудың тиімді тетіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.