КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.90.2.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Кеңес дәуірінде Орталық Азия елдерінде әйелдер арасындағы сауатсыздықты жоюдың тетіктері, кезеңдері мен салдары қарастырылады. Зерттеуде өңірдің мәдени, этникалық және әлеуметтік ерекшеліктеріне айрықша назар аударылған. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы білім беру реформаларын жүзеге асыру жағдайлары талданып, гендерлік рөлдердің өзгеруі, әйелдердің білімге, кәсіптерге және қоғамдық қызметке қол жеткізу кеңеюінің өзіндік қырлары анықталған. Зерттеу барысында салыстырмалы және гендерлік тал-дау әдістері қолданылып, статистикалық деректерге, мұрағат материалдары-на, бағдарламалық құжаттарға және орыс әрі ағылшын тілдеріндегі заманауи ғылыми еңбектерге сүйенілді.Зерттеу нәтижелері мемлекеттік білім беру саясатының білімді әйелдер қатарының артуына, кәсіби мобильділікке және қоғамдық өмірге қатысуға айтарлықтай үлес қосқанын көрсетеді. Сонымен қатар патриархалдық көзқарастардың, діни және отбасылық дәстүрлердің сақталуы, теңдіктің ресми сипат алуы әйелдердің шынайы дербестігі мен мүмкіндіктерін шектеді. Тал-дау барысында эмансипацияның жарияланған мақсаттары мен түрлі ұлттық әрі жергілікті жағдайларда сақталып қалған әлеуметтік шектеулер арасындағы қайшылықтар айқындалды.Қорытындысында Кеңес дәуіріндегі білім беру науқандары қоғамды жаңғыртудың маңызды факторы болғанымен, бірқатар дәстүрлі кедергілер мен модернизация мен патриархалдық практикалардың арасындағы қайшылықтарды сақтап қалғаны, сол арқылы өңірдегі гендерлік трансформация жолының ерекшелігін айқындағаны атап көрсетіледі.