1920-1930 ЖЫЛДАРЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА АРНАУЛЫ ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v26.i2.16
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – 1925–1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған Қызылорда қаласында ХХ ғасырдың 20–30-жылдарында арнаулы орта және жоғары оқу орындарының пайда болуы, қалыптасуы және олардың даму тарихындағы кейбір күрделі мәселелерді қарастыру. Зерттеу барысында тарихи құжаттар мен ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы Қызылорда қаласында ХХ ғасырдың 20-жылдарында бірнеше техникум ашылып, олардың екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін республика экономикасы үшін қажетті мамандар даярлауда маңызды орын алғаны анықталды. Сонымен қатар мақалада сталиндік тоталитарлық режимнің бір көрінісі ретінде «кеңестік билікке сенімсіз» деп танылған халықтарды депортациялау науқанына ұшыраған КСРО-ның Қиыр Шығыс бөлігіндегі корей этносының бір бөлігінің Қазақстанға жер аударылып, кейін Қызылордаға орналастырылуы қарастырылады. Осыған байланысты қалада корей мектептері мен корей тілінде білім беретін педагогикалық институттың қызметі жолға қойылғаны, алайда большевиктік биліктің талабымен көп ұзамай жабылып, қазақ және орыс тілінде оқытатын жоғары оқу орнына айналғаны нақты деректер негізінде сипатталады. Авторлар аталған үдерістерді тың тарихи құжаттар арқылы талдап, Қызылорда қаласының білім беру тарихындағы осы күрделі кезеңді алғаш рет ғылыми айналымға ұсынады.