Ә.Т. ТӨЛЕУБАЕВТЫҢ «РАННЕСАКСКАЯ ШИЛИКТИНСКАЯ КУЛЬТУРА» МОНОГРАФИЯСЫНА ШОЛУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v26.i2.19
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ә.Т. Төлеубаевтың 2018 ж. жарық көрген «Раннесакская шиликтинская культура» атты монографиясында ерте сақ мәдениетінің қалыптасу мәселесі қарастырылған. Шығыс Қазақстандағы Шілікті қорымындағы элиталық ескерткіштерді (б.д.д. VIII–III ғғ.) кешенді зерттеу негізінде автор Шілікті ескерткіштерін дербес археологиялық мәдениет ретінде бөліп көрсетіп, ерте сақ мәдениетінің қалыптасу орталығын осы Шілікті-Тарбағатай өңірімен байланыстырады. Сонымен қатар монографияда сақтардың мемлекеттілігі және сақтар мен түркі халықтары арасындағы генетикалық сабақтастық туралы пікірталас тудыратын тезис ұсынылған. Шолуда жалпы теориялық-әдістемелік сипаттағы және аталған тұжырымдарға қатысты ескертпелер талданады. Автор монографияның деректік қорын, ғылыми құндылығы мен пәнаралық зерттеу әдістерінің жүйелігін жоғары бағалайды.