ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚУ 1-4, 6-7 ТАС ДӘУІРІ ТҰРАҚТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v25.i1.02
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада алғаш рет 1942 жылы К.М. Поликарпович ашқан Орталық Қазақстандағы Қу 1-4, 6-7 тас дәуірі тұрақтарынан жиналған материалдар жарияланады. Тұрақтар Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында, Қу (Балқантау) тауынан шығысқа қарай 10 км және Қаратөбе тауынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Жұмыстың мақсаты – зерттеліп жатқан тұрақтардың тас индустриясын типологиялық талдау және олардың хронологиясын анықтау. Тас құралдарын сипаттау үшін классификациялаудың типологиялық және технологиялық әдісі қолданылды. Барлығы 207 тас артефакт талдаудан өтті. Жинақтамада ретуштелген жаңқалар мен олардан жасалған құралдар (қырғыштар) басым, дегенмен де тілікте жасалған бұйымдар да аз емес. Тіліктер сығу техникасымен жарықшақтанды, жаңқалар да көбінесе сығу техникасымен (дебитаж) және сирегірек жұмсақ соққышпен тігінен соғу арқылы алынған. Қатты соққышпен жарықшақтау арқылы алынған ірі жалпақ жаңқалар өте сирек кездеседі. Жинақтама құрамы бойынша шикізаттық ұқсастықтарды Тоқтауыл тұрағы мен Солтүстік Сарыарқаның қабатталған Шідерті 3 тұрағынан табуға болады. Жинақтаманың типологиялық құрамын талдау кезінде дамыған кейінгі неолит дәуіріне (б.з.д. V–IV мыңжылдық) жататын қабаттарымен ұқсастықтар анықталды, атап айтқанда, сұр және қызғылт шақпақтастардан жасалған артефактілер атбасар мәдениеті ескерткіштерінің ареалына жақын, ал жолақты сары шақпақтастар ерте неолиттік және мезолиттік қабаттарда кездеседі.