ҒҰМАР ҚАРАШ ЖӘНЕ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59358/ayt.1913593
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасыр басындағы өмірден өткен ақын, қоғам қайраткері, қазақ білімпазы Ғұмар Қараш шығармаларының тілі, сөз қолданыс ерекшеліктері қарастырылады. Ақын өлеңдері мен басқа да еңбектерінде кездесетін ерекше қолданыстағы зат есімдер, сын есімдер, етістіктер, үстеулер мен жергілікті сөздер қазіргі әдеби тілдегі нұсқаларымен салыстырыла талданады. Сонымен қатар автор қолданысындағы ерекше тіркестер, мақал-мәтелдер мен теңеулер де талданады. Ғұмар Қараш шығармаларындағы қазіргі тілде қолданылмайтын немесе өте сирек қолданылатын көне, өнімсіз қосымшалар анықталады. Ақын еңбектеріндегі үшбу, ләкін, халбүки, уа, һәм, олар сияқты кітаби тіл элементтерінің қолданысы көрсетіліп, туысқан түрік тілдерінің әсері, лексикалық бірліктер мен грамматикалық тұлғалар туралы сөз болады. Қалам иесінің қолданған мақал-мәтелдері мен теңеулері, оның шығармаларындағы қазіргі әдеби тілде ұшыраса бермейтін ерекше тіркестер айқындалып, олардың мағыналары түсіндіріледі. ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі дамуының кезеңдік келбеті, ақын тілінің ерекшеліктермен байланыстырыла сипатталады. Қарымды қаламгер, белгілі ақын Ғ.Қараш белсенді шығармашылық қызметі, әдеби мұрасы арқылы өткен ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің, жазба әдеби тілінің дамуына үлес қосқан тұлға деген тұжырым жасалады.