СИГНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ: ТАНЫМДЫҚ ЖƏНЕ ПСИХОМОТОРЛЫҚ ТАЛДАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.017
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада адамның сигналдық жүйелерінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістері зерттеледі. Сыналушылардың танымдық жəне психомоторлық қабілеттері (метафоризация, бейнелі қабылдау, таңбалау, сөзбен өрнектеу, дерексіздендіру, өзіндік талдау жəне қолмен жұмыс дағдылары) салыстырылып, статистикалық талдау жүргізілді. Зерттеу нəтижелері сигналдық жүйелердің негізгі көрсеткіштері жас ерекшеліктеріне айтарлықтай тəуелді емес екенін көрсетті. Сонымен қатар, сөзбен өрнектеу мен өзіндік талдау қабілеттерінің жас ұлғайған сайын жақсаратыны, ал таңбалау мен дерексіздендіру көрсеткіштері төмендеуі мүмкін екендігі анықталды. Статистикалық талдау үшін Манна-Уитни U-тесті қолданылды. Зерттеу барысында Э.Ф. Зеер, А.М. Павлова, Н.О. Садовниковаавторлығымен ұсынылған «Сигналдық жүйелер құрылымын диагностикалау» əдістемесі қолданылды.Бұл нəтижелер танымдық процестерді тереңірек түсінуге жəне білім беру мен психологиялық тəжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.