Химия пәнін оқытуда теңдеулер мен теңсіздіктерді қолданудың тиімділігі

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-131-144
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада химия пәнін оқытуда теңдеулер мен теңсіздіктерді қолдану арқылы химиялық есептерді шығарудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – химиялық есептерді шешуде математикалық модельдеу (теңдеу -және теңсіздік құру) тәсілдерін қолданудың оқушылардың білім сапасына және алгоритмдік ойлау дағдыларына әсерін анықтау.Қазіргі білім беру жүйесінде пәнаралық байланысты күшейту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Химия мен математика арасындағы өзара байланыс стехиометриялық есептеулер, реакция теңдеулерін талдау, массалық үлес пен концентрация есептерін шығару барысында айқын көрінеді. Осыған байланысты химия сабақтарында математикалық әдістерді жүйелі қолдану оқытудың ғылыми негізділігін арттырады және оқушылардың логикалық ойлауын дамытады.Зерттеу барысында 8-сынып оқушылары арасында педагогикалық эксперимент жүргізілді (8 «А» – бақылау сыныбы, 8 «Ә» – эксперименттік сынып). Эксперименттік сыныпта химиялық есептерді шығару барысында теңдеулер мен теңсіздіктер құрудың кезеңдік алгоритмі енгізілді. Оқыту процесінде шамаларды белгілеу, математикалық модель құру, теңдеуді шешу және нәтижені химиялық тұрғыдан талдау кезеңдері жүйелі түрде қолданылды.Нәтижелер эксперименттік сыныпта есеп шығару сапасының артқанын көрсетті. Оқушылардың есепті талдау, модельдеу және дәлелдеу дағдылары дамып, білім сапасының көрсеткіштері жақсарды.Зерттеу қорытындысы теңдеулер мен теңсіздіктерді қолдануға негізделген әдістеменің химиялық есептерді тиімді шығаруға ықпал ететінін және пәнаралық байланысты нығайтатынын дәлелдейді. Ұсынылған тәсіл оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамытуға және оқу мотивациясын арттыруға мүмкіндік береді.