Мектептің көптілді визуалды кеңістігі және оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру: Қазақстан мектептері материалдары негізінде

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-168-180
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мектептің көптілді визуалды кеңістігінің оқушылардың ұлттық санасын қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан мектептеріндегі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің визуалды көрінісін анықтап, олардың білім алушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға ықпалын айқындау. Эмпирикалық материал ретінде Қазақстанның әр өңіріндегі мектептердің тілдік ландшафты алынды. 2025 жылы жоба аясында зерттеу тобы Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларындағы, сондай-ақ Ақмола облысының ауылдық мектептеріндегі білім беру ұйымдарында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.Зерттеу барысында әр мектептің ішкі және сыртқы кеңістігі фотофиксация әдісі арқылы құжатталып, барлығы N = 426 визуалды бірлік тіркелді. Әрбір материал тілдік (қазақ, орыс, ағылшын), функционалдық (ақпараттық, тәрбиелік, бағыттаушы) және семиотикалық параметрлер бойынша сипатталып, сандық және сапалық талдауға түсірілді. Талдау нәтижелері мектептің визуалды тілдік ортасы тек ақпарат жеткізу құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, мәдени кодтарды және тілдік басымдықтарды бейсаналық деңгейде қалыптастыратын маңызды педагогикалық фактор екенін көрсетті.Зерттеу қорытындылары мектептің тілдік ландшафты білім беру кеңістігінің жасырын тәрбиелік ресурсы ретінде қарастырылуы тиіс екенін және оны мақсатты түрде жобалау оқушылардың ұлттық бірегейлігін қалыптастыруда тиімді құрал бола алатынын дәлелдейді.