ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СОЗАҚ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.88.1.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Созақ – қазақ тарихындағы ірі ортағасырлық қалалардың бірі болып, Қазақ хандығы дәуірінде рухани-мәдени, экономикалық, стратегиялық және саяси маңызы зор орталық болған. Қала туралы алғашқы жазба деректер XIII ғасырдан басталады. Ең ерте мәліметтердің бірі – Армян патшасы Гетумның Моңғолияға сапарында Созақты атап өтуі. Кейінгі ғасырларда бұл қала жөнінде мәліметтер Қазақ хандығы мен Ресей империясына қатысты жазба мұраларда жиі кездеседі, әсіресе XV ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырға дейінгі деректерде Созақтың тарихы мен қызметі туралы мол ақпарат сақталған. Ортағасырлық хроникаларға сәйкес, Созақ Қаратау тауларының теріскей беткейіндегі маңызды керуен жолында орналасып, Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолының түйінді нүктесі болған. Дегенмен, қаланың пайда болу кезеңдері мен урбанизациясы жайлы нақты жазба деректер жоқ. Осы олқылықты археологиялық зерттеулер толықтырады. Қазіргі Созақ аумағында жүргізілген қазбалар қала екі кезеңде дамығанын көрсетті: Тарсатөбе (б.з.д. III ғ. – б.з. IX ғ.) және Өрқақпа (XII-XIX ғғ.). Ғалымдар бұл екі қалашықты бөлек емес, бір қаланың тарихи кезеңдері ретінде қарастырады. Олар мерзімдік тұрғыдан бірін-бірі толықтырып, үздіксіз дамыған. Архео-логиялық материалдар Созақтың ортағасырлық урбанизациясы мен мәдени өмірінің дамуын түсінуге маңызды дерек береді және өңір тарихын зерттеуде ерекше мәнге ие.