DEFINING THE NOTION OF «NATIONAL SPECIFICITY» IN THE ANTHROPOCENTRIC PARADIGM: COGNITIVE, LINGUOCULTURAL, AND DISCURSIVE ASPECTS

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t83.n1.24
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектік парадигма аясында ұлттық ерекшелік ұғымын когнитивтік, лингвомәдени және дискурстық қырынан кешенді түрде қарастыруға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – тіл мен мәдениеттің өзара байланысы арқылы ұлттық дүниетанымның, ұжымдық сананың және мәдени кодтардың тілде қалай көрініс табатынын анықтау. Мақалада тіл тек құрылымдық жүйе ретінде емес, адам болмысымен, тарихи-мәдени тәжірибемен және әлеуметтік ортамен тығыз байланыст құбылыс ретінде сипатталады. Ұлттық ерекшелікті зерделеуде «концепт» ұғымы негізгі теориялық тірек ретінде алынып, оның көпқабатты құрылымы (өзек, шеткері және ассоциативті қабаттар) талданады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер, фразеологизмдер мен саяси дискурс үлгілері негізінде ұлттық құндылықтардың тілдік репрезентациясы салыстырмалы түрде қарастырылады. Зерттеу нәтижелері ұлттық ерекшеліктің тілдік санада концептілер арқылы орнығып, дискурста нақты коммуникативтік жағдаяттарда айқындалатынын көрсетеді. Антропоөзектік бағыт тіл білімінде тіл мен адам бірлігін тануға, ұлттық болмысты терең пайымдауға мүмкіндік беретіні тұжырымдалады.