ОҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АЙТЫС ЖАНРЫН МЕҢГЕРТУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp312-325
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада айтыстың XVIII ғасырдағы бастауынан XXI ғасырдағы жаңғыруына дейінгі кезеңдері қарастырылып, әр дәуірдің көрнекті өкілдері мен олардың шығармашылық үлесі сипатталады. Мақаланың мақсаты - оқушыларға музыкалық білім беру барысында айтыс жанрын тиімді меңгертудің ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін айқындау, айтыс өнерінің тәрбиелік, танымдық және шығармашылық әлеуетін оқу процесінде қолданудың жолдарын көрсету. Мақалада қазіргі айтыс өнерінің жағдайы мен оның жастар арасындағы жалғастығы зерделенеді. Айтыс өнерінің тәрбиелік, танымдық және эстетикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Айтыс жанрын музыка сабағында қолданудың әдіс-тәсілдері жүйеленіп, оқушылардың ұлттық сана-сезімін, шығармашылық қабілетін және тілдік мәдениетін қалыптастыру жолдары көрсетіледі. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан өңіріндегі айтыстың тарихи даму ерекшеліктері сипатталады. Мақалада айтысты бастауыш және орта сынып оқушыларына музыкалық білім беру жүйесінде меңгертудің тиімді жолдары ұсынылады. Зерттеу барысында қолданылған тыңдату, рөлдік ойын, домбырамен сүйемелдеу және мәтінмен жұмыс істеу әдістері оқушылардың бірнеше бағыттағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта авторлар бірқатар отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйенеді.