АҚЫН РАХАТ ҚОСБАРМАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖЫРАУЛЫҚ САРЫНДАР САБАҚТАСТЫҒЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp213-229
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада тәуелсіздік жылдардан кейінгі қазақ поэзиясындағы дәстүр сабақтастығы ақын Рахат Қосбармақтың көркемдік ізденістері негізінде талданады. Ақынның поэзиясындағы өзіндік стильдік даралығы, тәуелсіздік жылдарынан кейінгі ұлттық негіздерге оралу, сабақтастық, рухани өзектестік, ұлттық сөз өнеріндегі жанрлық жадының белгілі бір тарихи кезеңдерде қайта түлеуі, жаңғыруы сынды құбылыстардың ғылыми негіздері айқындалады. Тәуелсіздік дәуірі поэзиясындағы нәзік лирикалық өлеңдердегі жыраулық желілердің көріністеріне мән беріліп, талдау жасалады. Қазіргі қазақ өлеңіндегі жыраулық дәстүр сабақтастығын сонау Доспамбет, Ақтамберді, Шортанбай, Махамбет, Абыл, Нұрым, Қашағандардан бастап, бүгінгі Е.Раушанов, Н.Мәукенұлы поэзияларында табиғи жалғастығы, ұлттық болмыс, түпсанаға қайта оралу, мәдени-тарихи кеңістік, уақыт тұрғысынан автор туындыларының көркемдік жүйесі, дәстүр мен жаңашылдық, образдар жүйесі, тілдік ерекшеліктері, туындыларының идеялық-эстетикалық мазмұнын ашу, зерттеу мақаланың құндылығын көрсетеді. Мақаланың міндеті ақын Рахат Қосбармақ өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық, танымдық өрнектерін тану, тарихи уақыт тұрғысынан дәстүр мен жаңашылдықты қазіргі әдеби процеспен тығыз бірлікте қарастыру. Зерттеу мақаланың ғылыми-практикалық мәні жаңа уақыт тұрғысынан қазақ поэзиясындағы даму тенденцияларды айқындау, әдеби өлкетану мұраларын зерттеуге аз да болса, үлес қосуды көздейді.