А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі драматургиялық терминдердің ұлттық сипаты

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2011202614
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада А. Байтұрсынұлының әдеби мұраларындағы ұлттық терминологияны жасаудағы орасан үлесі, соның ішінде драма жанрына қатысты терминологияны ұлт топырағында жаратқан еңбегі арнайы сөз етіледі. Қазақ тіл білімінің, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаған реформатор ғалымның әдебиеттің негізгі үш тегінің (поэзия, проза, драма) бірі – қазақ сөз өнеріндегі драма жанрына қатысты ұлттық терминдерді жасаудағы тұжырымдары қарастырылады. Қазақ сөз өнеріндегі драма жанрының табиғаты туралы алғаш айтқан ғалым пайда болуы мен шығу тарихына қарай грек сөздерін бойына көп сіңірген драма жанрына қатысты терминдерді жасауға тұңғыш түрен салады. Ғалым оларды ұлттық танымға жақындатып, алғаш рет қазақы ұғыммен беруге тырысады. Осылайша шарттылығы көп, қиын жанр болып саналатын драманың теориялық метатұғырын қалауға негіз жасайды. Бүгінде ұлт ұстазының қазақ ғылымы үшін жасаған осы еңбегін түгелдей таныта алмай жатқанымыз анық. Бір ғана «Әдебиет танытқыштың» қолат-қойнауындағы қатпар-қатпар білім алдыратын емес. Әлі қазып зерттеп жатырмыз. Олай дейтініміз осы еңбекте қамтылған драматургия саласына қатысты айтқан қисындары мен тыңнан жасаған терминдері жете қарастырылып, насихатталып жүр деп айта алмаймыз. Сондықтан мақалада ұлы ғалымның көркем әдебиеттің ең ежелгі де күрделі түрі – драматургияға байланысты тұжырымдары мен терминдері сараланды. Әдеби мұраларындағы өміршең ұстанымдары бағамдалды. Түйін сөздер: ұлттық ғылым, сөз өнері, жанр, драматургиялық терминдер, шығарма тілі.