МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ МАЗМҰНЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМАЛАРЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.80.1.037
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада отандық орта және арнайы Назарбаев зияткерлік мектебі, Республикалық физика-математика мектебі сынды математика пәні тереңдетіліп оқытылатын мектеп оқулықтарындағы статистиканың теориялық және практикалық мазмұны, берілу реті мен көлемі қарастырылады. Статистика ғылым мен техникадағы қолданыс аясы күн сайын кеңейіп, машиналық оқыту, жасанды интеллект, биостатистика, психометрия, Data Science, киберстатистика сияқты жаңа ғылым бағыттарының туындауына негіз болумен қатар өзі де қарқынды дамып жатқан салыстырмалы түрдегі жаңа математика саласы. Ғылым мен техниканы қоса әрбір адам күнделікті өмірде қолданатын статистика элементтерін мектеп бағдарламасы аясында оқыту бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеудің алғышарттарының бірін құрағандықтан орта мектеп оқулықтарындағы статистика мазмұнына шолу жасау және оларды берудің тиімді әдістемелерін ұсыну білім саласы үшін өзекті болып табылады. Отандық жалпы білім беру мектептері, Назарбаев зияткерлік мектептері, Республикалық физика-математика мектептері, сонымен қатар Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Сингапур, Америка Құрама Штаттары елдерінің білім беру бағдарламаларына, оқулықтары мен статистика маңызы және оны оқыту әдістемелеріне арналған бірқатар мақалаларға шолу барысында аталған елдердің мектеп математикасында статистика қандай мазмұнда, қандай әдістемелік тұрғыдан берілетіндігі анықталды. Және де математикалық күтім мен диспесия ұғымдарының статистикадағы сәйкес баламалары болатын орташа мән, таңдамалық дисперсия сынды маңызды сандық сипаттамалар мысалында статистиканы оқыту әдістемесі және әрбір ұғымды жүйелі, қабылдануының себеп-салдары түсіндіріле отырып беру қажеттігі баяндалды. Нәтижесінде мектеп қабырғасында статистиканы берудің тиімді тұстары жайлы ұсыныстар әзірленді