Қоғамдық-саяси лексиканың медиамәтіндердегі функционалдық ерекшеліктері

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj791202610
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның бүгінгі ақпараттық кеңістігіндегі тілдік проблемаларға назар аударылады. Оныі ішінде қоғамдық-саяси лексиканың медиамәтіндерде атқаратын функционалдық ерекшеліктері зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – қоғамдық-саяси лексиканың ақпараттық, бағалауыш, идеологиялық және дискурстық қызметтерін анықтап, оның медиамәтіндегі рөлін көрсету. Зерттеу объектісі ретінде 2023–2025 жылдар аралығында жарық көрген республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын» және «Жас Алаш» газеттерінен іріктелген 383 қоғамдық-саяси бағыттағы мақалалар алынды. Медиамәтіндер жаңалық, талдамалы материал және сұхбат жанрларын қамтиды. Мақалада контент-анализ, семантикалық және концепт анализ, сондай-ақ дискурс-анализ әдістері қолданылды. Қоғамдық-саяси лексиканың жиілік көрсеткіштері мен қолданыс ерекшеліктері Voyant Tools бағдарламасы арқылы анықталды. Сандық деректер лингвистикалық талдаумен ұштастырылып, лексемалардың мағыналық өрістері мен дискурстық қызметі анықталды. Ғылыми зерттеу нәтижелері қоғамдық-саяси лексиканың БАҚ материалдарында тек ақпарат жеткізу құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыру, қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты бейнелеу және идеологиялық ұстанымдарды заңдастыру тетігі ретінде қызмет ететінін көрсетті. Сонымен қатар, зерттеу объектісі ретінде алынған үш басылымдағы қоғамдық-саяси лексиканың қолданыс жиілігі мен функционалдық жүктемесінің редакциялық саясат пен дискурстық бағытқа тәуелді екені де анықталды. Зерттеу қорытындылары қоғамдық-саяси лексиканы заманауи БАҚ тілінің негізгі құрылымдық элементі ретінде қарастыруға мүмкіндік беріп, медиалингвистика саласындағы ғылыми зерттеулерге теориялық және тәжірибелік үлес қосады.