ЖЕЛКЕНДІ ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНА ЖОҒАРЫ АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТКЕ ИЕ БОЛАТЫН ЖЕЛКЕНДІ ВИРТУАЛДЫ АЭРО ДИНАМИКАЛЫҚ ҚҰБЫР AUTODESK FLOW DESIGN ОРТАСЫНДА ЗЕРТТЕП АЛУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-141-6-330-339
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда жел энергетикасы саласында айналу осі турбиналық тектес жел электр станциялары кеңінен қолданылып жатқаны хақ. Дегенмен, бұл типтес жел электр станцияларына тән бірқатар кемшіліктерге байланысты соңғы жылдары айналмалы қалақшасыз жаңа үлгідегі тербелмелі жұмыс органы бар жел электр станцияларының түрлері ұсынылуда. Яғни, бұл жел электр станцияларының бірі – осы мақалада қарастырылған тербелмелі жұмыс органымен жабдықталған желкенді типтес жел электр станциясы қарастырылады. Қарастырылған желкенді жел электр станциясының жұмысы мен энергияны өндірү әдісінің ерекшелігі – оның аэродинамикалық бейіні бұралған қимасы бар модификацияланған тороидты желкенге ие болуында. Желкенді жел электр станциясының жұмыс сенімділігін және энергияны тиімді өндіру мақсаты ол, жоғары аэродинамикалық көрсеткіштерге ие болатын тороидалоды пішіндес желкеннің зерттелініп таңдалуында. Таңдалынған тороидалды желкеннің шын мәнінде аэродинамикалық көрсеткіші басқалармен салыстырғанда артықшылығын көрсету мақсатында тоғыз тороидалды пішіндес және тороидалды емес пішіндегі әртүрлі желкендердің 3D кескіні моделделінді. Желкендер SolidWorks бағдарламалық пакетінде моделделінді. Алынған 3D кескіндер виртуалды аэро динамикалық құбырда, яғни Autodesk Flow Design бағдарламалық пакетінде орнатылып үрілді. Зерттелінген тороидалды желкендердің аэродинамикалық көтеру күші мен кедергі күштерін өзара салыстырылып желкенді жел электр станциясының энергия өндірүін арттыруына үлесі жоғары түрі таңдалынды.