ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы және оның орта білім беру саласындағы маңызы

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-4-24-42
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстандағы тіл үйретудің негізгі мақсаты – оқушының тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. Бұл мақсат ҚАЗТЕСТ жүйесімен үндес келеді. Орта білім беру бағдарламаларында тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлесім дағдыларын дамыту көзделсе, ҚАЗТЕСТ осы дағдыларды тексеруге негізделген. Бұл сабақтастық оқушыны ұлттық және халықаралық деңгейдегі тілдік сынақтарға дайындауға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған және халықаралық стандарттарға, атап айтқанда CEFR-ге сәйкес келетін ұлттық тестілеу жүйесі. Тест құрылымына тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық тапсырмалар кіреді, бұл тілдің барлық қырларын кешенді бағалауға жағдай жасайды. ҚАЗТЕСТ тек ересектерді бағалаумен шектелмей, орта білім мазмұнымен де сабақтас болуы тиіс. Мектептегі қазақ тілі пәні тілдік тұлғаны қалыптастыруға бағытталса, ҚАЗТЕСТ осы білімнің нәтижесін объективті бағалайды. Сондықтан ҚАЗТЕСТ стандарттарын мектепте бағдар ретінде қолдану мұғалімдерге оқу мақсаттарын нақтылауға және бағалауда әділ критерийлерді қолдануға мүмкіндік береді. Тест нәтижелері білім беру сапасын талдауда маңызды: олар мектеп бағдарламаларының тиімділігін, әлсіз тұстарын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар ҚАЗТЕСТ халықаралық тестілермен салыстырылып, ұлттық жүйенің әлемдік стандарттарға сай екенін көрсетеді. ҚАЗТЕСТ-ті білім беру процесіне енгізу оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтереді. Осылайша, ҚАЗТЕСТ жүйесі мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда және оқушылардың тілдік тұлға ретінде қалыптасуында стратегиялық құрал болып табылады.