Міржақып Дулатұлының көркем образ поэтикасы

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-153-4-191-200
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тарихи тұлғалар образын көркем шығармаға негіздеу барысында әрбір қаламгер, ақын-жазушы сол тұлғаның өмірімен, тарихи деректермен, кезең әдебиетімен толық танысады. Қазақ әдебиетінде Қазақ хандығы құрылып, соғыс жылдары ерлік көрсеткен батырлар образы, ХХ ғасырдағы елдің дамуы мен оқу-ағарту шаралары барысында бой көтерген ұлы тұлғалар образы көркем туындыларда суреттеліп келеді. Мақалада Алаш қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, ақын әрі көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының көркем әдебиеттегі бейнесі жан-жақты талданады. Тарихи тұлғаның көркем әдебиеттегі болмысы мен қоғамдық қызметінің көрінісі әртүрлі қаламгерлер туындылары негізінде сараланады. Атап айтқанда, Ә.Тәңірбергенұлы, Ә.Найманбайұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Титақұлы, Б.Майлин, Т.Жұртбай, Ж.Әбдірәш, С.Тұрғынбекұлы және Е.Төлеубай сынды ақын-жазушылардың еңбектеріндегі Міржақып образына талдау жасалады. Кеңестік дәуірдегі бұрмаланған бейнелер мен тәуелсіздік кезеңіндегі шынайы әрі оң бағалаулар салыстырмалы түрде қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада Міржақыптың «Оян, қазақ!» ұранының ұлттық санаға әсері, түрмедегі тағдыры, саяси қуғын-сүргін құрбаны ретіндегі бейнесі, поэзия мен драматургиядағы рухани келбеті терең ашылады. Қайраткердің көркем бейнесі арқылы ұлттық тарих, тәуелсіздік идеясы және тарихи әділеттілікке ұмтылыс айқындалады.