Реферат жазу дағдысын қалыптастыруда жасанды интеллект мүмкіндіктері

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-153-4-311-327
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жасанды интеллектіні (ЖИ) оқу үдерісіне интеграциялау арқылы оқушылардың реферат жазу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың академиялық сауаттылығын арттыру маңызды міндеттердің бірі. Соның ішінде реферат жазу дағдысы – зерттеушілік қабілетті, сыни ойлауды, ақпаратпен жұмыс істеуді және ғылыми стильде жазуды талап ететін күрделі үдеріс. Бұл дағдыларды қалыптастыруда дәстүрлі әдістермен қатар, жаңа цифрлық құралдарды, әсіресе жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Жасанды интеллект оқушыларға ақпаратты іздеу, талдау, құрылымдау, терминдерді дұрыс қолдану және академиялық талаптарға сай мәтін құрастыруда әдістемелік қолдау көрсете алады. Мақалада жасанды интеллект пен цифрлық құрылғылардың білім беру үдерісіндегі тиімділігі талданып, олардың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттыру жолдары көрсетіледі. Мақаланың негізгі мақсаты – жасанды интеллектінің көмегімен оқушылардың реферат жазу дағдыларын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау. Бұл мақалада жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының зерттеу жұмыстарын жүргізу және академиялық сауаттылықты қалыптастырудағы рөлі айқындалады. Мақалада цифрлық технологияларды реферат жазуда қолданылуының практикалық маңыздылығы ашылып, тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Зерттеу барысында жасанды интеллект арқылы академиялық жазылымды қалыптастырудың әлемдік тәжірибесі мен жасанды интеллектінің Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі түсінігі талданды. Оқушылардың академиялық сауаттылығын қалыптастыруға септігін тигізетін жасанды интеллект ресурстары жинақталып, олардың тиімділігі айқындалады. Мақала білім алушылардың сыни ойлауын, ақпараттық сауаттылығын және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы жасанды интеллектінің әлеуетін ашуға бағытталған.