ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕРЕКТЕР ТАЛДАУЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМДІ БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-138-3-239-248
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта студенттердің академиялық үлгерімін болжаудың заманауи әдістері зияткерлік деректерді талдауды енгізу арқылы қарқынды дамып келеді. Білім беру деректерінің үлкен көлемін талдау студенттердің жетістіктеріне әсер ететін заңдылықтарды анықтауға, сондай-ақ білім сапасын арттыруға арналған тиімді стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл мақалада зияткерлік деректер талдауына негізделген академиялық үлгерімді болжаудың заманауи тәсілдерін талдау мәселелері қарастырылады. Шолу нәтижелері жасанды интеллект пен деректерді өңдеу алгоритмдерін қолдану болжамның дәлдігін айтарлықтай арттырып, академиялық үлгермеушілік тәуекелдерін төмендетуге және дербестендірілген оқу стратегияларын ұсынуға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, модельдерді түсіндіру, бастапқы деректердің сапасы және болжамдық аналитиканың этикалық аспектілері сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық тәжірибені білім беру жүйелеріне бейімдеу, соның ішінде интеллектуалды деректерді талдауды ақпараттық жүйелерге (АЖ) интеграциялау мүмкіндіктері – осы зерттеудің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Өңірлік білім беру ортасының ерекшеліктерін ескере отырып, болжамдау әдістерін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстар жасалды.