АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-138-3-203-216
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу барысында ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және бағалау әдістері жан-жақты қарастырылды. Халықаралық тәжірибеде қолданылатын ISO/IEC 27005, NIST SP 800-30, OCTAVE, CRAMM және FRAP әдістерінің ерекшеліктері салыстырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Зерттеу нәтижесінде тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік беретін кешенді әдіснамалық ұсыныстар жасалды. Зерттеудің мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және бағалау әдістерін зерттеу, олардың тиімділігін салыстыру және ұйымдар үшін оңтайлы әдісті анықтау. Зерттеу барысында ISO/IEC 27005, NIST SP 800-30, OCTAVE, CRAMM және FRAP стандарттары негізінде тәуекелдерді бағалау процесінің кезеңдері, қолданылатын құралдар мен әдістер қарастырылады. Әдістемелік негіз ретінде халықаралық стандарттар қолданылды. Зерттеу барысында сапалық және сандық талдау әдістері пайдаланылды. Нәтижесінде қауіптердің ықтималдығы мен олардың салдарының деңгейін бағалау, тәуекелдерді басымдық бойынша топтастыру және оларға қарсы әрекет ету стратегиясын әзірлеу мүмкін болды. Зерттеудің жаңалығы – ISO/IEC 27005, NIST SP 800-30, OCTAVE, CRAMM және FRAP әдістемелерінің тиімділігін салыстыра отырып, қазақстандық ұйымдар үшін оңтайлы әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. Қорытындысында ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістерін тәжірибеде қолдану бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттыру үшін тәуекелдерді талдау және бағалау әдістерін жетілдіру қажеттігі анықталды. Ұсынылған әдістеме ұйымдарға ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жақсартуға және қауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі.