СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЛДІК-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2023.2518-1467.590
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,2017): «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», - делінген болатын. Тізілген міндеттерді жүзеге асыру оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен оқыту жүйесін дамытуды көздейді. Әсіресе, мемлекеттік тілді оқыту кезінде сапалы білім алған, құзыреті мен танымдылығы жоғары, бəсекелестіктің тегеурініне төтеп бере алатын мамандар ғана кемел болашаққа жол ашады. Осыған сәйкес зерттеу мақаламыз студенттердің кәсіби қабілеттеріне тірек болатын құзіреттіліктерді қалыптастыру арқылы тілдік білімін тереңдету мен жетілдіру мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар, отандық тіл мамандары мен ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемелеріне қатысты жазылған бағалы еңбектері басшылыққа алынып, мемлекеттік тілді оқыту барысында студенттерде қалыптасатын құзыреттіліктердің алты түрі анықталады. Аталған құзыретттіліктердің әрқайсысына жеке дара талдау жасалып, олардың ғылыми және кәсіби бағыттағы атқарушылық мәні мен мазмұны ашылады.