Қазақстан Республикасының заң шығарушы органының реформасын салыстырмалы талдау

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i4.808
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің болуы биліктің бөлінуі қағидасының негізін құрайды. Заң шығарушы биліктің болуы мемлекеттіліктің қажетті шарты ретінде қабылданған. Мемлекеттердегі заң шығарушы органдардың құрылымы әр мемлекеттің ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне қатысты бір палаталы немесе екі палаталы түріне негізделеді.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республи-касының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Парламент – Сенат және Мәжіліс палаталарының қызметін қамтиды. 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды бастамалардың бірі әлемде кеңінен таралған бір палаталы Парламентке көшу қажеттілігі баяндалды. Бұл маңызды реформа 2027 жылы жалпыхалықтық референдум өткізу арқылы халық қолдауымен жүзеге асатынын баяндады. Мемлекет басшысы еліміздегі жоспарланған реформа «Әділетті және қуатты Қазақстанды» құру мақсатындағы маңызды қадамдар ел игілігіне қызмет ететіне үмітті екендігін білдірді.Ғылыми зерттеулерде екі палаталы жүйені қолдайтын және қарсы көзқарастағы пікірлер де бар. Бір палаталы және екі палаталы жүйенің саяси шешім қабылдау процестеріндегі артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де баяндалған бұл мақалада Қазақстан Республикасының заң шығарушы орган қызметін Түркия Республикасының тәжірибесімен салыстырмалы талдау жасалынады.