ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫ - ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЫНЫҢ РУХАНИ БАСТАУЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i3.798
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада орасан зор зияткерлік әрі рухани тәжірибені бойына жинақтаған түркі-қазақ философиялық дәстүрі жан-жақты талданады. Авторлар түркі философиялық ойын қазақ философиясының бастау көздерінің бірі ретінде қарастырып, қазақтардың этикалық дүниетанымында ортағасырлық мұсылман ойшылдарының адам туралы екі іргелі дүниетанымдық бағытының өзара сабақтасып, үйлесімді көрініс тапқанын атап көрсетеді. Зерттеуде түркі халықтарының терең этикалық құндылықтарының айқын үлгісі ретінде танылған, аңыз данышпан, әрі кемеңгер ойшыл Қорқыт Атаның философиялық көзқарастарының маңызына арнайы назар аударылады. Бұл түркі-қазақ философиялық дәстүрі әлемдік философиялық ой жүйесіндегі бірегей, әрі ерекше құбылыс ретінде сипатталады. Аталған дәстүрде әрдайым этикалық мәселелер бақыт, ізгілік, ар-ождан, адамдық борыш сынды мәселелер алдыңғы қатарға шығып отырғаны айқындалады. Авторлар, сондай-ақ, қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын терең игеру мен оның құндылықтық-мағыналық өмірлік бағдарларын сақтап, жаңғыртудың маңыздылығын ерекше атап көрсетеді. Бұл ұлттық дүниетаным үлгісі қазіргі жаһандану жағдайында қоғамның рухани тұтастығы мен адамгершілік бағдарын сақтаудың маңызды тетігі ретінде ұсынылады.