ОНТОЛОГИЯДАҒЫ ПӘНДІК БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.91.3.015
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Бұл мақалада информатика саласындағы алгоритмдік білімді формалды түрде көрсету және оны онтология түрінде модельдеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты –алгоритмдерді құрылымдық түрде сипаттап, оларды ақпараттық жүйелерде, жасанды интеллект саласында және білім беру процесінде қолдануға бейімдеу. Зерттеу барысында әдіснамалық негіз ретінде онтологияларды жобалауда кеңінен танылған Protégé бағдарламасы және OWL (Web Ontology Language) тілі пайдаланылды. Онтологияны құру кезінде «Algorithm» негізгі класы алынып, оның ішкі кластар жүйесі анықталды: SortingAlgorithm, SearchingAlgorithm, GraphAlgorithm, OptimizationAlgorithm, CryptographicAlgorithm және MachineLearningAlgorithm. Сонымен қатар, hasComplexity, hasDataStructure, hasApplication, usesAlgorithmType, hasStep сияқты объектілік қасиеттер және hasName, hasTimeComplexity, hasSpaceComplexity, hasAuthor, hasYearIntroduced секілді мәліметтік қасиеттер енгізілді. Бұл қасиеттер алгоритмдердің тиімділігін, қолдану саласын және тарихи контекстін формалды түрде сипаттауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері алгоритмдік білімді онтология негізінде жүйелеу олардың автоматты түрде өңделуін қамтамасыз ететінін көрсетті. Мұндай тәсіл оқу процесінде алгоритмдерді меңгеруді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар жасанды интеллект жүйелерінде, семантикалық вебте және интеллектуалды ақпараттық жүйелерде қолданудың тиімділігін арттырады. Осылайша, ұсынылған онтология информатикадағы білімді формалды сипаттау мен автоматтандырудың жаңа деңгейін көрсетіп, әрі қарай кеңейтуге және нақты пәндік салаларға бейімдеуге негіз қалайды.