БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ПРОГРАММАЛАУҒА БЕЙІМДЕЛГЕН ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.91.3.028
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада цифрлық білім беру жағдайында болашақ информатика пәні мұғалімдерін программалауға бейімделген оқытудың әдістемелік негіздері мен оның тиімділігін анықтауға бағытталған зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу үш кезеңнен тұратын педагогикалық эксперимент аясында жүргізілді: бастапқы диагностикалық, қалыптастырушы және қорытынды бақылау кезеңдері.Эксперименттік жұмыстың тиімділігін бағалау мақсатында әртүрлі өлшеу құралдары –тест тапсырмалары мен сауалнамалар қолданылды. Алынған мәліметтер кестелер мен диаграммалар түрінде визуалданып, сандық және сапалық талдау әдістері арқылы өңделді. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, деректерді жүйелеу және жалпылау, бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу, сондай-ақ педагогикалық тәжірибені сараптау сияқты ғылыми әдістер қолданылды.Оқытудың тиімділігін бағалауда негізгі көрсеткіш ретінде болашақ мұғалімдердіңпрограммалау бойынша білім деңгейіндегі өзгерістер алынды. Зерттеу нәтижелері арнайы әзірленген цифрлық платформа негізінде жүзеге асырылған бейімделген оқыту моделі болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға елеулі түрде оң ықпал ететінін көрсетті.