Екінші тілді меңгеру: ересек тіл үйренушілердің қазақ тілі септік жүйесін меңгерудегі қателерін талдау (түркімен студенттердің материалдары бойынша)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025199323
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазақ тіл біліміне жаңа ғылыми серпіліс ретінде соңғы жылдары өзге қырынан қарастырылып, практикалық маңызға ие болып отырған екінші тілді меңгеру және ересек тіл үйренушілердің қателерін талдауға арналады. Мақалада қолданбалы тіл білімі шеңберіндегі екінші тілді меңгеру, қателерді талдау мәселелерін зерттеген шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалып, аталмыш мәселелерге байланысты жасалған ғылыми анықтамалары, тұжырымдары талқыланды. Мақалада жаппай жинақтау, топтау, сұрыптау, ғылыми сипаттама әдісі, салыстырмалы әдіс қолданыс тапты. Екінші тілді меңгеру мен ересек тіл үйренушілердің қателерін талдауға байланысты шетелдік ғалымдардың пікірлері салыстырылып, топтастырылды. Сонымен қатар, аралық тіл термині жайлы сөз қозғалып, аралық тілдің пайда болуына ықпал ететін үдерістер, екінші тілді меңгеру кезеңдері сызба түрінде берілді. Мақалада екінші тілді меңгеру мәселесінің теориялық тұстары жан-жақты қарастырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жүрген ұлты түркімен студенттердің қазақ тілін екінші тіл ретінде үйреніп жүргендіктен, аталмыш мәселеге байланысты зерттеу жүргізіліп, ересек тіл үйренушілердің қателеріне талдау жасалынды. Мақалада тек шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінің қарастырылуы екінші тілді меңгеру мәселесінің отандық, яғни қазақ тіл білімі ғылымында әлі де кенжелеп тұрғандығының дәлелі. Түйін сөздер: екінші тілді меңгеру, қателерді талдау, ересек тіл үйренушілер, қолданбалы тіл білімі.