FRAME SEMANTICS AS A COGNITIVE METHOD FOR THE ANALYSIS OF NEW KAZAKH TERMS

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t81.n3.16
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілі терминологиялық жүйесі дамуының заңды нәтижесі ретінде қарастырылатын белгілі бір құбылыстарды ғылыми айналымға ұсыну қажеттігінен туындайтын жаңа қазақ терминдері мен олардың ұғымдармен байланысының көрінісі ретінде фреймдік құрылым қарастырылады. Мақала авторлары терминология мен когнитивтік лингвистиканың байланысын ғылыми салада да, жалпы тілде де белсенді қолданылып жүрген жаңа терминдер мысалында талдайды. Қолданыстағы номинативті бірліктердің негізінде жасалған терминдер нысан туралы барлық мүмкін ақпаратты қамтитын фреймдің құрылым шеңберінде қарастырылады. Мақалада терминнің тілдің факті және оның сөйлеуші санасындағы ұғым, когнитивтік құрылым ретінде көрініс табуы арасындағы психикалық байланыс мәселесі көрсетіледі. Мақаланың мақсаты белгілі бір фреймдік модельдің қалыптасуына әкелетін, концептуалды талдау негізінде менталды бірлік ретіндегі ұғым мен оның тілдік көрінісі арақатынасын көрсету болып табылады. Мақаланың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында филология мамандығының магистрант, PhD докторанттарына когнитивтік терминология мәселелерін қарастыратын арнайы курстар мен оқу құралдарын жасауда қолдануға болады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдардың бірқатары шеттілді кірме терминдерді қазақ тіліне аудару және жаңа терминдер жасау үдерістерін оңайландыру белгілерін анықтауда негіз болады.