ПРОФЕССОР АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i2.631
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кез-келген мемлекет үшін бағдар ретінде ұстанатын идея, ал унитарлы мемлекетке – ұлттық идея қажет. Кеңес заманында Ұлы Далада өркен жайған игілікті істердің мирасқорларының бірі – Қазақ Елінің материалдық байлықтары мен рухани құндылықтары жеткілікті дәрежеде зерттелмеді. Солардың бірі ұлттың ой-түйсігін, ұмтылыс-арманын, ұстаным-межелерін білдіретін – ұлттық идея. Жалпы алғанда әлеуметтік-философиялық әдебиеттер мен энциклопедияларда идея, идеология туралы аз жазылған жоқ. Бірақ, болашағын интернационалистік қоғамнан көрген Кеңестік дәуірде ұлттық идея, ұлттық идеология мәселесіне көңіл бөлінбеді. Мақалада ұлттық идея тақырыбын өзінің көптеген ғылыми ізденістеріне арқау еткен профессор А.Сейдімбектің еңбектеріне талдау жасау арқылы ұлттық идеяның тарихына, негіздері мен мәніне, эволюциясына, ХХ ғасыр басындағы ұлттық идеяның басты ерекшеліктеріне, оның қазіргі ахуалына сараптама жасалады. Сонымен қатар, А.Сейдімбектің қазақ халқының ұлттық сана-сезімі, тұрмыс-тіршілігі, діні, ділі, тілі мен мәдениетіне қатысты айтқан терең пайымдауларының мән-мағынасына, ұлттық идея мен ұлт болмысы тұрғысынан талдау жасалады.