Қазақ интеллектуалдарының мәдени мұраларын және ғылымды дәріптеудің бүгінгі жағдайына контент талдау

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp20259226
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғ. І жартысындағы қазақ интеллектуалдарының мұралары мен ғылымның дәріптелу жағдайын анықтаған сандық контент талдау нәтижелері көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты Алаш интеллектуалдары мен ғылымның дәріптелу мәдениетінің деңгейін анықтау, сандық деректер арқылы дәріптелу көрсеткішін көрсету. Қазақстандағы мәдениеттану ғылымында контент талдау әдісі арқылы мәдени құбылыстарды қарастырған зерттеулер әзірге жоқ. Сол себепті мақаладағы нәтижелер қоғамдағы мәдени өзгерістерді анықтауда өзекті. Бұл әдістің көмегімен қоғамдық сананы қалыптастыратын ақпарат көздерінің жұмысы анық көрінеді. Мақаланың ғылыми құндылығы мәдени дамудың тәжірибелік құбылысы ретінде көш бастаған зиялыларды бағалай білу және ғылымды кеңірек насихаттау күнделікті ақпарат ретінде қоғамға таратылу тепе-теңдігін нақты дәлелдейді. Нәтижелер бұқаралық мәдениет пен интеллектуал мәдениеттің арасындағы үлкен айырмашылықтарды көрсете алды. Ақпарат кеңістігінде қазақ интеллектуалдарының мұралары мен ғылымдағы жаңалықтарды дәріптеу сандық деректерді жинау арқылы жүйеленген білімді қалыптастыру үшін, қоғамдағы мәдени өзгерістердің динамикасын бақылау үшін қолданылады. Зерттеу деректері отандық интернет сайттарынан алынды. Қазақ халқының ортақ мұраты болған тәуелсіздікті жақындатқан алаш интеллектуалдарының мұраларының және ғылымның дәріптелуін ашық мәселе етіп көрсетеміз. Зерттеу жұмысымыз одан ары жалғасын мазмұнды талдау арқылы табатын болады. Түйін сөздер: ХХ ғ. қазақ интеллектуалдары, алаш зиялылары, ғылым, білім, дәріптеу мәдениеті.