Тілдік пәндер бойынша ішкі және сыртқы бағалаудың бірыңғай мазмұнын іске асыру жолдары (мұғалімдердің даярлығы)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-2-192-207
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы ішкі және сыртқы бағалау жүйесінің бірыңғай мазмұнына тіл пәні мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселелері қарастырылады. Бағалауды оқыту мақсаттарымен сәйкестендірудің маңыздылығы атап өтіліп, тілдерді оқыту сапасын арттырудағы бағалау сауаттылығының рөлі айқындалады. Зерттеуге Қазақстан Республикасының 650 тіл пәні мұғалімі қатысқан эмпирикалық деректерің теориялық талдаыу қамтылған. Нәтижелер көрсеткендей, мұғалімдердің критериалды бағалауға дайындық деңгейін жоғары бағалағанына қарамастан, тәжірибеде олар бірқатар қиындықтарға тап болады: уақыт тапшылығы, критерийлердің түсініксіздігі және бағалау құралдарының үйлесімсіздігі. Мақалада халықаралық тәсілдерге (CEFR, Cambridge Assessment) сүйене отырып, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды кіріктіру принциптері қарастырылады, сондай-ақ оқушыға бағытталған, рефлексивті бағалау мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі баса айтылады. Соңында нақты ұсыныстар берілген: мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын жаңарту, әдістемелік қолдау, цифрлық құралдарды енгізу және кәсіби қауымдастықтарды құру. Бағалау тек оқу жетістіктерін тіркеу құралы ретінде емес, метапәндік дағдылар мен оқушылардың жеке білім беру траекторияларын дамыту құралы ретінде түсіндіріледі.