АЙМАҚТЫҚ САКРАЛЬДЫ ТОПОНИМИЯДАҒЫ НОМИНАЦИЯ ЖҮЙЕСІ ҰЛТТЫҚ КОД РЕТІНДЕ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss2pp159-171
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қандай да бір елдің, өңірдің ерекшелігін сипаттайтын киелі орындар өзінің рухани құндылығы негізінде мемлекет пен халықтың мәдени байлығы болып табылады. Әрбір халықтың санасындағы, ұлттық кодындағы киелі атаулар тіл тарихы қойнауындағы қазына ретінде бағаланады. Киелі жер-су атаулардың астарындағы ғажайып сырларды танып, этимологиясына, мән-мағынасына, тарихына ерекше көңіл бөлу арқылы халық мәдениетінен көп ақпарат аламыз. Ертедегі түркілерден бастап, олардың заңды жалғасы қазақ халқына дейін елді мекендердің, жер-су, тау, өзен, көл атауларына ат қоюда үлкен мән берілген. Негізі әр географиялық атауда халық тарихының, ұғым-нанымның дерегі үзілмей сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Топонимикалық жүйеде жер-су атауларын қоршаған ортаның өзіндік бедер­белгісіне ұқсастыра атау бар, сондай-ақ белгілі бір тарихи оқиғаларға, өмірдегі себептерге, тылсым құбылыстарға байланысты атаулар да көп беріледі. Қазақ халқы сан ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінің негізінде өзінің ұғымына сіңген географиялық терминдерді қолданған және олардың сын-сапа, қадір-қасиетті белгілеріне сәйкес атаулар жасай білген. Өзінің генезисі бойынша географиялық терминдердің негізінде географиялық объектілердің қасиеттері, яғни, көп жағдайда культ объектілерінің пайда болуы жатады. Алайда ислам діні негізінде пайда болған атаулар дәстүрлі топонимияда сирек кездесетін жағдай, дегенмен олардың топонимдік атаулардың қасиетті, киелі мәніне орай қалыптасқандығын түсіндіруге болады. Тақырып аясы мен көлеміне сәйкес, мақаламызда тек қана киелі және діни мағынасы бар топонимдер, ондағы ұлттық код көріністері қарастырылды. Зерттеу барысында, сондай-ақ, олардың жасалу жолдарына, семантикасына, апеллятивтік қызметтеріне, олардың жекелеген типтерге бөлінуіне ерекше назар аударылды.