АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ» АНДРОЦЕНТРИЗМ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss2pp307-317
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Абай Құнанбайұлы ұлы ақын, философ. Оның «Қара сөздері» даналық кітап, ол сол кезеңде өмір сүрген қазақтар үшін арнап жазылған және бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Алайда бұл еңбектің барлық адамдарға арналып емес, қазақ ерлеріне арналып жазылған деген тұжырымға келдік. Осы тұжырымның дұрыс не бұрыс екендігін анықтау мақсатында зерттеу жұмысы жасалды. Мақаланың негізгі мақсаты Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерінде» андроцентризм белгілерін зерттеу болып табылады. Бұл зерттеуді жүргізу мақсатында «Қара сөздердің» барлығына жеке-жеке сапалық талдау әдісі жүргізілді. Нәтижесінде қырық бес қара сөздің жиырма бірінде ерлерді сынау, ерлерге қатысы ақпарат, ерлерге қатысты ұғымдар, атаулар мен концептілер көрсетілгендігі анықталды. Еңбектің басқа бөлімдерінде де тура болмаса да, жанама түрде ерлерге қатысты ақпараттың бар екендігі дәлделденді Нәтижесінде XX ғасырдың басында жарық көрген Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерінде» андроцентризмнің белгілері бар екендігін анықталды. Зерттеу жұмысы алдағы уақытта гендерлік лингвистика саласын зерттеушілер үшін өзекті және маңызға ие .