ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ДАМУЫ (1918-1925)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада 1918-1925 жж. Түркістан республикасындағы қазақ баспасөзінің дамуы жан-жақты архив материалдары негізінде қарастырылған. Қазақ халқын сауаттандыру жолында қазақ зиялылары басқа елдердегідей қазақ баспасөзін дамытуды бірінші орынға қойды. Әсіресе, Түркістандағы жергілікті халықтың сауаттылығын көтеру және оларға білім беру мәселесіне сол кездері ұлт зиялылары да өз бағасын беріп, республикадағы оқу-ағарту ісінде орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді өткір сынға алды. Түркістанда шығарылған «Бірлік туы» газетінде жарияланған мақалалардың сарыны «Қазақ» газетімен үндес болды және Алаш қайраткерлерінің көрсеткен бағытымен жүргендігі туралы деректер мақалада архив құжаттарымен дәйектелген. 1922-1923 жылдары Ташкент қаласында өзбек тілінде «Түркістан», қазақ тілінде «Ақ жол», орыс тілінде «Туркестанская правда» және т.б. көптеген республикалық газеттер мен өзбек тілінде «Инкилоб», түрікмен тілінде «Түрікмен тли», қазақ тілінде «Шолпан» және т.б. айына екі рет шығатын журналдар жарияланып тұрды. Қазақ халқын бірлікке шақырған баспасөз қызметінің жергілікті халыққа маңызды қызмет атқарғандығына сараптама жасау үшін авторлар, архив құжаттарын кеңінен қолданып, баспасөз беттерінде жарық көрген мәтіндерді мақалада сол күйінде беріп ғылыми айналымға енгізіп отыр. Мақалада Түркістан республикасындағы қазақ баспасөзінің даму алғышарттары жан-жақты қарастырылып, бүгінгі көзқарас тұрғысынан сараланған.