СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН ІV ДЕҢГЕЙДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ-БУЫНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2025.81.2.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Сөйлеу тілі жалпы дамымауы бар балалардың сөйлеу тілі ерекшеліктерін зерттей отырып, Қ.Қ. Өмірбекова, Г.Б. Ибатова, Р.Е. Левина, Т.Б. Филичева, Г.В. Чиркина, т.б. сияқты авторлар осы бұзылыс кезіндегі сөздің дыбыстық-буындық құрамының қалуыптасуының маңыздылығын атап өтті. Мақалада балалардың сөйлеу тілінің дамуы, әсіресе сөздің дыбыстық-буындық құры-лымын қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) бар балалардың тілдік дамуы мен әлеуметтік бейімделуіндегі ерекшеліктер талданады. Ерте жастан бастап ми құрылымдарының жетілуі мен балалардың сөйлеу дағдыларының қалыптасу процесі туралы ақпарат беріледі. Мақалада сөйлеу бұзылыстары бар балалардың дыбыстық-буындық құрылымын меңгерудегі қиындықтар мен түзету жұмыстарының маңызына ерекше назар аударылады. Ғалымдардың зерттеулері мен логопедиялық әдістемелер арқылы сөздің дыбыс-тық-буындық құрылымының дамуының негізгі кезеңдері мен олардың әсері түсіндіріледі. Сөй-леудің дұрыс дамуы баланың когнитивтік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына әсер ететін маңызды аспект болып табылады.