A LITERATURE REVIEW ON COMMON DROPWORT (FILIPENDULA VULGARIS MOENCH) AS A SOURCE OF BIOLOGICALLY ACTIVE SUBSTANCES

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2025.94.84.028
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Лабазник (Filipendula vulgaris Moench) өсімдігінің химиялық құрамы, биологиялық белсенділігі және фармакологиялық әлеуетіне қатысты әдеби шолуды жүргізу және оның фармацевтика саласында қолдану мүмкіндіктерін зерттеу. Әдістері. Scopus, Web of Science, PubMed, Google Scholar дерекқорларында соңғы 15 жыл ішінде жарияланған зерттеулер талданды. Лабазник өсімдігінің құрамындағы биологиялық белсенді заттар (ББЗ), олардың экстракция әдістері және фармакологиялық қасиеттері зерттелді. Зерттеуге антиоксиданттық, қабынуға қарсы, антисептикалық және жараларды жазатын әсерлер кіреді. Нәтижелері. Лабазник құрамында флавоноидтар (рутин, кверцетин, кемпферол), дубильді заттар, салицилаттар, фенол қышқылдары және эфир майлары бар екендігі анықталды. Фармакологиялық зерттеулер оның антиоксиданттық, қабынуға қарсы, кардиопротекторлық және нейропротекторлық қасиеттерін растайды. Ультрадыбыстық экстракция және CO₂-мен экстракциялау әдістері жоғары концентрацияланған және тұрақты экстракттарды алуға мүмкіндік береді. Қорытынды. Лабазник обыкновенный фармакологиялық белсенді қосылыстардың перспективалы көзі болып табылады. Алдағы зерттеулер бұл өсімдіктің экстракттарына негізделген фитопрепараттарды жасауға бағытталған