АБАЙ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЙЛАРДА ЭЙМЕРИОЗДЫҢ ТАРАЛУЫ: КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МАУСЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-1-1-71-81
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ТҮЙІН Бұл зерттеу Абай облысындағы қойлар арасында эймериоздың таралуын, түрлік құрамын және маусымдық ерекшеліктерін зерттейді. Эймериоз – жануарлардың ішек-қарын жүйесіне әсер ететін паразитарлық ауру, оның қоздырғыштары Eimeria тұқымдасына жататын протозойлар болып табылады. Зерттеу барысында облыс бойынша 150-ден астам қойдан нәжіс үлгілері алынып, оларда эймериоздың түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізілді. Нәтижелер көрсеткендей, қойларда жиі кездесетін паразиттік түрлердің арасында E. arloingi, E. crandallis және E. parva жетекші орын алады. Сонымен қатар, зерттеу эймериоздың маусымдық таралу ерекшеліктерін айқындады: жаз айларында инвазия деңгейі жоғары, әсіресе жас қозыларда байқалады. Маусымдық өзгерістер климаттық факторларға, соның ішінде ылғалдылықтың жоғарылауына және температураның көтерілуіне байланысты болып келеді. Зерттеу барысында қойлардың жас ерекшеліктеріне байланысты аурудың клиникалық белгілері де анықталды. Жас төлдерде эймериоздың жіті түрі жиі кездессе, ересек қойларда аурудың созылмалы түрі байқалады. Зерттеу нәтижелері Абай облысындағы қой шаруашылықтарында эймериоздың алдын алу мен емдеу шараларын жетілдіру үшін маңызды деректер ұсынады. Бұл ақпараттар ветеринариялық бақылау мен шаруашылықтарды басқаруда тиімді тәсілдерді әзірлеуге негіз бола алады.