КҮРДЕЛІ КЕМІСТІГІ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢСӨЙЛЕУ ТІЛІН ҰЛТТЫҚСАЛТ-ДӘСТҮР НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2025.80.1.011
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ ұлттық салт-дәстүр негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың теориялық және практикалық негіздемесін құрайтын аспектілер қарастырылады. Авторлар осы санаттағы балалардың ана тілін, сөйлеу дағдыларын игеруі тек арнайы педагогикалық әсер ету жағдайында жүзеге асырылуы мүмкін екендігін айтады. Сөйлеу тілі сенсорлық көріністер базасына сүйене отырып, көрнекі әдістерді тиімді қолданумен дамиды. Күрделі кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды арнайы түзеу сабақтарында салт-дәстүрді насихаттау, ұлттық құндылықтарға баулу арқылы, ұйымдастыру жолдарын баланың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып қолданудың маңыздылығын ашады. Арнайы оқыту жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетінің негізін құрайтын бірқатар сөйлеу дағдылары мен тілдік біліктердің қалыптасу ерекшеліктері сипатталған. Саусақ жаттығуларын баланың сөйлеу тілін дамытуға көмектесетін негізгі тәсілдерінің бірі ретінде қарастырып, жаттығулар түрлері мен ойын үлгілері ұсынылған.