INVESTIGATION OF THEPOROUS STRUCTURE OFA MATERIALIN THE WOLLASTONITE–ORTHOPHOSPHORIC ACID–GYPSUM SYSTEM

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/hkpd4195
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада волластонит пен ортофосфор қышқылы ұялы бетон компоненттері ретінде қолдану арқылы кеуекті құрылым жасау мүмкіндіктері қарастырылған, түрлі жағдайларда алынған нәтижелер өзара салыстырыла отырып, алынған бетонның негізгі физика-механикалық қасиеттері зерттелген. Заман талабына сай елімізде осыған дейін өндіріліп, жасалып, шығарылып жатқан құрылыс саласында қолданылатын материалдардың экономикалық, экологиялық және басқа да көрсеткіштерін жақсарту мен тиімді жолдарын қолға алу маңызы күннен күнге артып келеді. Мақалада жүргізілген зерттеулер, талдаулар мен салыстырулар нәтижелері бойынша жергілікті қосымша шикізат көзі ретінде волластонитті ұялы бетон алуда ортофосфор қышқылымен өңдей отырып түрлі қасиеттерге ие кеуекті құрылым жасау жолдары сипатталады. Бұл өз кезегінде газдалған бетон өндірісін дамытуға өз үлесін қосатыны айқындалады.