ҚАЗАҚ ГАЗЕТІ БЕТІНДЕГІ ОҚУ-БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ МАҚАЛАЛАРДЫ ТАРИХ ПӘНІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.023
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ХХ ғасырдың басында жарық көрген "Қазақ" газетінің оқу-білім саласына қосқан үлесі жан-жақты қарастырылады. Газет қазақ халқының сауатсыздығын жою, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру және ағарту саласын дамыту мәселелерін көтерді. "Қазақ" газетінде жарияланған мақалалар тек білім беру жүйесіне қатысты ақпарат беріп қана қоймай, сол кездегі саяси-әлеуметтік ахуалды сипаттап, халықтың сауатын арттыруға бағытталған маңызды дереккөздердің бірі болып табылады.Зерттеу жұмысы "Қазақ" газетінің білім беру ісіне тигізген ықпалын талдай отырып, оның мазмұнын тарих пәнінде оқыту әдістеріне бейімдеу жолдарын ұсынады. Газетте көтерілген негізгі тақырыптар –ұлттық мектептердің ашылуы, мұғалім даярлау, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу, қазақ тілінде білім беру қажеттілігі, сондай-ақ білім жүйесін қаржыландыру мәселелері. "Қазақ" газетіндегі білімге қатысты мақалаларды талдау арқылы зерттеу жұмысы олардың тарих пәнін оқытудағы маңызын анықтайды.Зерттеу мақсаты –"Қазақ" газетінде жарияланған білімге қатысты мақалаларды жүйелі түрде талдау, олардың мазмұнын ашып көрсету және қазіргі білім беру үдерісінде қолдану жолдарын айқындау. Зерттеудің маңыздылығы –ұлттық баспасөздің білім беру саласына қосқан үлесін көрсету және оның идеяларын қазіргі оқыту жүйесіне бейімдеу. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы "Қазақ" газетінің деректерін тарих пәнін оқытуда пайдалану арқылы оқушылардың тарихи санасын дамытуға ықпал етуге бағытталған.