ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.016
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі таңда тарихи-этнологиялық зерттеулерде ұлттық бірегейлік мәселесіне ерекше назар аударылуда. Ұлттық бірегейліктің көрсеткіші болып табылатын мәселелердің бірі топонимика бағытындағы зерттеулер. Жер-су атауларының мәні мен пайда болу ерекшеліктерінайқындау арқылы территориялық тұтастық пен сол жерді мекен еткен халықтардың болмысына баға бере аламыз. Аталған бағытта зерттеу жүргізудің мақсаты топонимдердің мәнін ашу арқылы жер-су атауының ұлттың тіршілігі, дүниетанымы мен ділі, болмысы мен шаруашылығымен тығыз байланысты екендігін көрсету болып табылады. Рас белгілі бір территорияларда қалыптасқан этнос өзін қоршаған географиялық ортаға өзіне тән бірегейлікке сүйене отырып атау беруі заңды құбылыс. Бір халық кез-келген дәуірде өзге халықтармен тығызмәдени-шаруашылықтық байланыстарда өмір сүреді. Мәдениеттердің алмасуы нәтижесінде жергілікті жер-су атауларына да өзіндік тілдік өзгерістер енеді. Бұл өз кезегінде топонимдерді зерттеу ісінің кешенді әрі сан салалы болуына түрткі болады.Мақалада топонимикалық зерттеулердің ерекшеліктері, оның ғылым үшін маңыздылығы ашылады. Осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген зерттеушілердің еңбектерін басшылыққа алып, топонимикалық зерттеулердің кезеңдеріне баға беріледі. Қазақ даласындағы жер-су атауларын зерттеу ісі қарастырылып, топонимикалық бағыттағы зерттеу жұмыстарының ұлттық бірегейлікпен байланыстылық дәрежесі тұжырымдалды.