Д. ИСАБЕКОВТІҢ «ГАУҺАРТАС» ПОВЕСІНІҢ ЭКРАНИЗАЦИЯСЫ: КЕЙІПКЕРЛЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss1pp221-233
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Д. Исабековтің «Гауһартас» повесінің экранизациясындағы дәлдік, кейіпкерлер психологиясы талқыланып, ғылыми тұжырымдар жасалынды. Зерттеудің мақсаты, негізгі бағыты мен идеясы – «Гауһартас» шығармасы мен фильмін салыстыра талдай отырып, кейіпкерлердің психологиясындағы дәлдіктің сақталу, сақталмауы анықталды. Жазушының көргенін, естіген фактілерін қорытуын, ойлау позициясын, суреттеу принциптерін, идеяны жеткізу ерекшеліктерін экранизациялау барысында сақталуының маңыздылығы дәйектенген. Жұмыстың ғылыми маңыздылығына тоқталар болсақ, талдау жұмыстары шығарманы экранизациялауда дәлдіктің сақталуына, түпнұсқадағы ойды, кейіпкерлер психологиясын түсінікті жеткізуге көмектеседі. Жұмыстың нәтижелері мен талдауы, қорытындысы: әдебиет – әр халықтың рухани қазынасы, халықтың болмысын, психологиялық ерекшеліктерін танытатын, дамуы мен проблемасын анық көрсететін мұрасы. Кез келген әдеби шығарманы экранизациялау барысында жазушы айтқысы келген негізгі ойды нақты жеткізу маңызды. Зерттеудің құндылығы ретінде қазақ халқының болмысы бұрмаланбай, қоғамдық проблемалары айқын болған жағдайда, оның шешу жолдарын табу оңайырақ болатындығы туралы ой салатын талдаулар берілген. Бұл тұста қоғамның айнасы саналатын туындыларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңызы айқындалған.